2023 жылғы 16 қаңтарда қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXVІ сессиясының отырысы өтті

2023 жылғы 16 қаңтарда қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXVІ сессиясының отырысы өтті

2023 жылғы 16 қаңтарда қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXVІ сессиясының отырысы өтті. Сессияны қалалық мәслихат төрағасы Б. Қ. Құспеков жүргізді.

Сессияда округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру, Екібастұз қалалық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы мәслихат шешімдері қабылданды. Осы мәселелер бойынша Уақытша комиссияның жұмысы туралы комиссия төрайымы, қалалық мәслихат депутаты А. И. Унтерова баяндады.