Кандидатпен кездесу

Кандидатпен кездесу

Ағымдағы жылдың 9 қаңтарында Екібастұз қаласында "Өнер" қалалық мәдениет сарайында  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Ернұр Айткенов Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттарының депутаттарымен кездесті.

Кандидаттың сенімді өкілі Х.Кашкенова Ернұр Нұрмаханұлының кандидатурасын ұсынып, депутаттарды оның өмірбаянымен таныстырды. Кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын баяндады. Ауыл проблемаларына ерекше назар аударылды, оның бағдарламасы ауыл тұрғындарының әл-ауқат деңгейін арттыруға, ауылда қаладағыдай жағдай жасауға бағытталған. Кандидат тұрғындарды  жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, аграрлық саладағы, өңірдің экологиялық жағдайындағы проблемаларды көтерді.

Бағдарламаны талқылау бойынша жарыссөзге депутаттар белсенді қатысты. Кездесуге қатысушылар кәсіпорындардың экологиялық салық төлемдерін өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағыттау, мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдар қызметкерлерінің мәртебесін көтеру, ауылдарды ауыз сумен жабдықтау жүйелерінің жай-күйі, ауылда жұмыс істеуге тартылатын кадрларды ынталандыру шараларын қарау, жас мамандарды жұмысқа орналастыру және отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелерін қозғады.  Депутаттар өз ұсыныстарын, сауалдарын кандидаттың бағдарламасына енгізуін сұрады.