2022 жылғы 22 желтоқсанда қалалық мәслихат хатшысы Болат Құспеков «Горэлектросеть» ЖШС энергетиктер күніне арналған салтанатты шараға қатысты.
Болат Құспеков кәсіпорын қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапаттау рәсімін өткізді.
Ұзақ жылғы қажырлы еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі үшін «Құрметті энергетик» белгісі В.В.Рогальға, «Еңбек сіңірген энергетик» белгісі А.А.Кривцунға, «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалі Б.Х.Шакеновке табысталды.