Құрметті екібастұздықтар!

Құрметті екібастұздықтар!

Сіздерді Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке - халқымыздың рухани темірқазығына айналған ұлы ойшыл, ақын және ағартушының өнегелі мұрасына тағзым ету күні. Абай Құнанбайұлының даналығы, оның өлеңдері мен қара сөздері ұрпақтарды біріктіріп, бізді адалдыққа, еңбекқорлыққа және білімге жетелейді. Біздің өндірістік Екібастұз қаласының тұрғындары үшін бұл құндылықтар жасампаз еңбек пен дамудың берік негізі болып табылады.
Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақ-береке, бейбітшілік және Отанымыздың игілігі жолында жаңа жетістіктер тілеймін!

Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы