Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, баспагерлер мен ардагер журналистер!

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, баспагерлер мен ардагер журналистер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер Екібастұздың әлеуметтік-экономикалық дамуын, қаламыздағы маңызды жаңалықтар мен өзгерістерді халыққа жедел әрі шынайы жеткізіп, билік пен қоғам арасындағы алтын көпір болып келесіздер. Қалалық мәслихат депутаттары сіздердің қала өміріне белсене араласып, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды шынайы әрі сауатты жариялаудағы тынымсыз еңбектеріңізді әрқашан жоғары бағалайды және қолдайды.

Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, ұшқыр қаламдарыңыз бен азаматтық жауапкершіліктеріңіздің арқасында туған өлкеміз – Екібастұздың бүгінгі шежіресі жазылуда. Әрқашан оқиғалардың ортасында жүріп, кәсіби парызға адалдық танытқандарыңыз үшін алғыс білдіремін.

Сіздерге мықты денсаулық, таусылмас шығармашылық шабыт, жағымды жаңалықтар мен жоғары рейтингтер тілеймін! Сіздердің қаламдарыңыздан шыққан әрбір сөз еліміздің бірлігіне, туған қаламыздың өсіп-өркендеуіне және Әділетті Қазақстанның игілігіне қызмет ете берсін!

 

Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы