Құрметті Қазақстан Республикасының сот жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлері!

Құрметті Қазақстан Республикасының сот жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – елімізде заң үстемдігі мен әділдікті орнату жолында аянбай еңбек етіп жүргендерге деген жоғары құрметтің белгісі. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, бейтараптылықтарыңыз бен заңға деген адалдықтарыңыз – мемлекетіміздің құқықтық негізі мен қоғам тұрақтылығының басты кепілі.

Сіздер әрбір істі әділ шешу арқылы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолында үлкен жауапкершілік арқалап келесіздер. Сот саласының ардагерлеріне – құқық үстемдігін нығайтуға қосқан көпжылдық еңбектері мен жас буынға үлгі боларлық өнегелері үшін алғысымыз шексіз.

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жауапты да күрделі қызметтеріңізге сәттілік тілеймін. Әділдік жолындағы ерен еңбектеріңіз жемісті, ал заң мен халық алдындағы абыройларыңыз асқақ бола берсін!

 

Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы