2026 жылғы 23 маусымда...

2026 жылғы 23 маусымда...

2026 жылғы 23 маусымда Екібастұз қаласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері, полиция және сот жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекелеріне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік шара қоғам игілігі жолында күнделікті еңбек етіп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, өңірдің тұрақтылығы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегін мойындаудың жарқын көрінісі болды.

Екібастұз қалалық мәслихаты атынан марапаттарды табыстау рәсімін қалалық мәслихат депутаты Жетписбай Жакупов өткізді.

Қала дамуына қосқан елеулі үлесі және мінсіз қызметі үшін Екібастұз қалалық мәслихатының Құрмет грамоталарымен келесі қызметкерлер марапатталды: полиция лейтенанты, Екібастұз қаласы полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Ж.М.Абдыгапаров; «Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің аппараты» ММ бас маманы Л.С.Башкирова; Павлодар облысының №2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының сот отырысы хатшысы, бас маман С.С.Даирова; Екібастұз қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы А.Д.Дузембаева; полиция подполковнигі, Екібастұз қаласы полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторы А.И.Жаминова; Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің бас маманы А.Б.Зайнишев; Павлодар облысының №2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының аға сот приставы А.К.Кусаинов; Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы К.О.Нургалиева; Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Т.Рамазанова;  Екібастұз қаласы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Ж.А.Успанова.

Екібастұз ауылдық округі әкімінің көмекшісі С.Т.Арыноваға, Екібастұз қаласы полиция басқармасы тергеу бөлімінің тергеушілері, полиция лейтенанттары Д.М.Ахмадиеваға және Б.Е.Кадырбековке, Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек секторының бас маманы З.Б.Баймановаға, Теміржол ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы Г.К.Баратоваға, Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің бюджет және қаржылық есептілікті орындау және талдау секторының меңгерушісі С.Е.Камзинаға, Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Т.К.Шайковқа Алғыс хаттар табысталды.