
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – халықтың тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қорғау жолында күндіз-түні аянбай еңбек етіп жүрген жандарға деген шынайы құрметтің белгісі. Сіздердің батылдықтарыңыз, антыңызға адалдықтарыңыз бен жанқиярлық қызметтеріңіз – еліміздегі құқықтық тәртіп пен тұрақтылықтың берік кепілі.
Сіздер заңдылықты қамтамасыз етіп, әрбір азаматтың құқықтары мен еркіндіктерін қорғау жолында үлкен жауапкершілік арқалап келесіздер. Ішкі істер саласының ардагерлеріне – көпжылдық қажырлы еңбектері, жинақтаған бай тәжірибелері және жас ұрпаққа үлгі боларлық өнегелері үшін алғысымыз шексіз.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы жауапты қызметтеріңізге сәттілік тілеймін. Отанға деген адал қызметтеріңіз абыройлы, ал еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын!
Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы