
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік аппаратта қызмет ету – бұл мемлекеттілікті нығайту жолындағы жоғары жауапкершілік пен халыққа адал қызмет етудің көрінісі. Бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуі, мемлекеттік бағдарламалардың сапалы орындалуы және Екібастұз қаласы тұрғындарының әл-ауқатын арттыру тікелей сіздердің білімдеріңіз бен қажырлы еңбектеріңізге байланысты.
Осы жолда өзіндік қолтаңбасын қалдырып, мемлекеттілікті нығайтуға үлес қосқан аға буын ардагерлерімізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздер қалыптастырған еңбек мектебі мен кәсіби дәстүрлер бүгінгі жас мамандар үшін басты бағдар болып қала береді.
Мерейлі мерекеде баршаңызға сарқылмас қуат, отбасыларыңызға құт-береке және Отанымыздың игілігі мен дамуы жолындағы жауапты істеріңізге жаңа жетістіктер тілеймін!
Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы