
«Екібастұз қаласының ауылдық округтерін әлеуметтік-экономикалық дамыту перспективалары туралы» мәселені зерделеу мақсатында жұмыс тобы Қоянды ауылдық округіне қарасты Бесқауға ауылына барды.
Жұмыс тобына Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Нияз Макраев пен Қоғамдық кеңестің төрағасы Жасұлан Сәдуақасов жетекшілік етті. Оның құрамына қала әкімінің кеңесшісі С. Төлеубаев, Қоғамдық кеңестің мүшелері А. Рахимжанова, А. Мейрамова, Е. Амренов, білім бөлімі басшысының орынбасары Ж. Хамзабаева, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А. Көпежанов, қалалық мәслихат аппаратының бас маманы Т. Мурзалинов және №2 емхананың аға мейіргері М. Еркебаева кірді.
Ауыл тұрғындарымен өткен кездесу барысында тұрғын үй құрылысы, ауылға жас мамандарды тарту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық ахуалына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесуден кейін жұмыс тобы ауылдағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ медицина, білім беру, мәдениет, ауыл шаруашылығы, халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік бағдарламалар салалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың сұрақтарына жауаптар берілді және бірқатар ұсыныстар айтылды.
Жұмыс сапары барысында көтерілген мәселелер мен ұсыныстар алдағы уақытта тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жолданып, олардың шешу жолдары пысықталатын болады.