Отырысты қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы М.Д.Маликова жүргізді.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депутаттар Екібастұз қаласы әкімдігі ұсынған мемлекеттік қажеттіліктер үшін меншік иесінен жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін иеліктен шығару туралы шарт жобасын қарап, келісімдерін берді.
Шарт жобасын талқылау барысында алып қойылатын мүлік иесінің өкілі отырысқа жеке қатысып, өтемақы ретінде құны тең жер учаскесін беру жөніндегі ұсынылған талаптармен толық келісетінін білдірді.