
Сіздерді жарқын да қуанышты мереке – 1 маусым: Халықаралық балаларды қорғау күнімен және жазғы каникулдың басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Балалар – біздің болашағымыз, өміріміздің мәні мен еліміздің басты байлығы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың сапалы білім мен тәрбие алуына жағдай жасау – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі.
Біздің қаламызда жас екібастұздықтардың шығармашылық, спорттық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін барлық жағдай жасалып келеді. Олардың қол жеткізген табыстары – біздің ортақ мақтанышымыз.
Осы айтулы күні барлық балаларға зор денсаулық, бақытты балалық шақ және қызықты жазғы демалыс тілеймін! Ал ата-аналар мен ұстаздарға бала тәрбиесіндегі қажырлы еңбектері үшін алғыс білдіремін. Әр шаңырақта шаттық күлкі мен береке салтанат құрсын!
Нияз Макраев, Екібастұз қалалық маслихатының төрағасы