Бүгін «Қайнар» білім беру-бос уақытты қамту кешенінде оның көпжылдық жетекшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы Фарзия Ниазытқызы Клепицаның 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерейтой иесін ұлықтау рәсіміне Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Нияз Макраев қатысты. Ол Фарзия Ниазытқызына білім беру жүйесіне сіңірген адал еңбегі, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін терең алғысын білдірді. Шын жүректен шыққан құрметтің белгісі ретінде мерейтой иесіне мерекелік құттықтау хат пен дәстүрлі қазақ шапанын тарту етті.

Туған «Қайнардың» қабырғасында өткен қуанышты сәтті бөлісуге әріптестер, серіктестер, адал достары мен шәкірттері жиналды. Жиналғандар Фарзия Ниазытқызының басшылығымен кешен қаланың визит картасына айналғанын және облыста бірнеше рет үздік деп танылғанын атап өтті. Салтанатты шара естеліктерге, құттықтауларға және шығармашылық нөмірлерге толы, ерекше жылы атмосферада өтті.