Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында қаламызда ерекше алғыс пен тағзымға толы игі дәстүр жалғасын табуда.

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында қаламызда ерекше алғыс пен тағзымға толы игі дәстүр жалғасын табуда.

Қалалық мәслихат төрағасы Нияз Құдайбергенұлы Макраев аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, тыл еңбеккерлерінің үйлеріне арнайы барып қайтты.

Бұл кездесулер - ресми шара ғана емес, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын тағылымды кездесу. Ұлы Отан соғысы жылдарында бүгінгі тыл ардагерлері жас болса да, ел тағдырына жауапкершілікпен қарап, егіс алқаптары мен өндіріс орындарында аянбай еңбек етті. Олардың жанқиярлық еңбегі Жеңістің жақындауына өлшеусіз үлес қосты.

Кездесу барысында Нияз Құдайбергенұлы тыл еңбеккерлеріне зор құрметтің белгісі ретінде арнайы сый-сияпат табыстады. Сондай-ақ, қала әкімінің атынан елдің өркендеуі мен соғыстан кейінгі жылдардағы қажырлы еңбектері үшін алғысқа толы  құттықтау хаттар табысталды.

Қалалық мәслихат пен атқарушы органдар ардагерлерге қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруда.

Ардақты тыл еңбеккерлері, бейбіт өмір мен шынайы отансүйгіштіктің өнегесі үшін сіздерге мың тағзым!