Қалалық әкімдікте Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі Республикалық референдумды дайындау және өткізуге белсенді қатысқан мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында қоғамдық-саяси жұмысты ұйымдастыруға, Конституциялық реформаның негізгі ережелерін халық арасында түсіндіруге елеулі үлес қосқан азаматтар атап өтілді. Адал еңбегі, белсенді азаматтық ұстанымы және елдегі демократиялық институттарды нығайтуға қосқан үлесі үшін депутаттар мен мәслихат аппараты қызметкерлеріне мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Жалпыұлттық коалиция жетекшісі Ерлан Қошанов және Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин қол қойған Алғыс хаттар табысталды.
Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы, қалалық коалиция жетекшісі Нияз Макраев және Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты Жетписбай Жакупов «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.