
Т.Шмидт төрағалық еткен әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында депутаттар Екібастұз қаласы әкімдігі ұсынған әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістерді талқылады. Бұл өзгерістер әлеуметтік көмекті тағайындау, оның мөлшерін белгілеу және көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындауға қатысты.
Қағидалар Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі бекіткен әлеуметтік маңызы бар аурулар тізіміндегі өзгерістерге, сондай-ақ халықтың осал топтарын қолдаудың бірыңғай стандарттарын қамтамасыз ету мақсатындағы республикалық тәжірибеге сәйкестендірілді.
Аталған тәсілдерді іске асыру өңірлер бойынша әлеуметтік көмек көрсету тәжірибесін біріздендіруге, бюджет қаражатының ашықтығы мен басқарылуын арттыруға, сондай-ақ көмекке шынымен мұқтаж азаматтарға атаулы қолдау көрсетудің тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді.
Мәселе талқыланғаннан кейін Н.Макраев төрағалық еткен мәслихаттың кезектен тыс XLII сессиясында әлеуметтік көмек көрсету қағидаларының жаңартылған нұсқасы бірауыздан бекітілді. Шешім белгіленген тәртіпке сәйкес күшіне енеді.