Қоғамдық кеңес отырысы

Қоғамдық кеңес отырысы

Жасұлан Сәдуақасовтың  төрағалығымен Екібастұз қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Қоғамдық кеңес мүшелері «Әлеуметтік көмекті көрсету қағидаларын бекіту, оның мөлшерлерін айқындау және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін анықтау туралы» шешім жобасын қарастырды.

Аталған мәселе бойынша «Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Зейнеп Джаксыбаева баяндама жасады.

Ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын қайталайтын әрі барлық өңірлерде қолданылмайтын біржолғы әлеуметтік көмектің жекелеген түрлерін алып тастауды көздейді. Бұл шаралар өңірлер арасындағы әртүрлі тәжірибені жоюға және тұрғылықты жеріне қарамастан халықтың осал топтарына тең қолдау жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.

Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері әлеуметтік көмектің атаулылығын және тиімділігін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін күшейтуге бағытталған ұсыныстар мен пікірлерін білдірді.