
Сессия жұмысына Екібастұз қаласының әкімі А.У.Бейсекин, қала әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдар басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібі аясында алдында қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысында егжей-тегжейлі талқыланған мәселелер бойынша мәслихат шешімдері қабылданды.
Қала әкімі өз сөзінде қаланың алдағы уақытта дамуындағы басымдықтарды айқындады, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға, инвестициялар тартуға және экономикалық өсуге жаңа мүмкіндіктер құруға айрықша көңіл бөлінетін аттап өтті. Әкім ашық диалогтың және тұрғындармен тығыз қарым-қатынастың арқасында ғана нақты нәтижелерге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді, ал депутаттық корпустың, атқарушы органдардың, сондай-ақ қала жұртшылығының бірлескен сындарлы жұмысы белгіленген жоспарлардың жүзеге асуының және өңірдің алдағы дамуының кепілі болмақ.