Екібастұз қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясына даярлық аясында тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті, онда ағымдағы жылғы қалалық бюджетке енгізілетін өзгерістер талқыланды.

Екібастұз қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясына даярлық аясында тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті, онда ағымдағы жылғы қалалық бюджетке енгізілетін өзгерістер талқыланды.

Екібастұз қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясына даярлық аясында тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті, онда ағымдағы жылғы қалалық бюджетке енгізілетін өзгерістер талқыланды. Отырыс Н.К.Макревтың төрағалығымен өтті.

Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г.А.Чуканованың баяндамасын тыңдаған соң депутаттар салық салу базасын азайтуды,  жеке объектілер бойынша жол-жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру мерзімін нақтылайтын   сұрақтар қойды.

Сондай-ақ депутаттардың талқылауына  қаланы дамытудың 2026 - 2030 жылдарға арналған жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жоба ұсынылды. Ұсынылған өзгерістер инвесторлардың нақты ұсыныстары негізінде құрылды және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының түйінді міндеттерін орындауға бағытталған. Алдын-ала мәліметер бойынша 14 инвестициялық жобаны енгізу 600 тұрақты жұмыс орындарын ашуға, 800 млрд теңгеден аса көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Болашақта  бұл бюджетке салық түсімінің артуына, экономикалық өсімнің жаңа көздерін айқындауға әкеледі.

Жоспарда әлеуметтік жобалардың инвесторлардың және квазимемлекеттік сектордың қатысумен жүзеге асуы көзделген, бұл жергілікті бюджетке түсетін салмақты төмендетуге мүмкіндік береді, әрқайсысы 300 орындық екі бала бақша, спорттық кешен, сонымен қатар бес көппәтерлі үй  салынатын болады. Бюджет қаражаты есебінен 117 балалар алаңын сыртқы жарықтандыру желісін салу базалық инфрақұрылымын салу жоспарланған.

Инвестордың жүзеге асыруды тоқтату туралы шешім қабылдауына байланысты жоспардан техникалық кремний өндіретін зауыт  «ANSA SILICON»ЖШС  жобасы алынып тасталған.

Депутаттар Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсету, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі  қалалық комиссия, Екібастұз қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәселелері бойынша шешімдерге өзгерістер енгізу турады жобаларды қарады.  Мәслихаттың бұл шешімдері қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер енгізілуіне байланысты түзетілетін болады.  

Отырыстың қорытындысы бойынша барлық мәселелер қолданды  және Екібастұз қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясының қарауына ұсынылды.