Бүгін Нияз Кудайбергенович Макраевтың төрағалығымен қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті.

Бүгін Нияз Кудайбергенович Макраевтың төрағалығымен қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті.

Депутаттар сайлау органдарының қызметіне, әкімдік құрамындағы өзгерістерге және мәслихат жұмысының жоспарына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді қарады.

Деректерді өзектендіру қажеттілігіне байланысты қалалық учаскелік және округтік сайлау комиссияларының құрамынан шыққан мүшелердің орнына жаңа мүшелер сайланды. Атқарылған жұмыстар туралы және сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу мен оларды қалыптастыру жөнінде Уақытша комиссияның төрағасы Л.Т.Касыманова баяндама жасады.

Кадрлық өзгерістерді ескере отырып, депутаттардың қарауына Екібастұз қаласы әкімдігінің жаңартылған құрамы ұсынылды.

Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі - Екібастұз қалалық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту болды. Жоспарда депутаттық бақылаудың басым бағыттары, тұрақты комиссия отырыстарының кестесі және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі мәселелер айқындалған. Талқылау қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.