9 ақпанда «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінде Екібастұз қаласының әкімі А.У.Бейсекиннің төрағалығымен жаңа Конституция жобасының негізгі аспектілерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

9 ақпанда «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінде Екібастұз қаласының әкімі А.У.Бейсекиннің төрағалығымен жаңа Конституция жобасының негізгі аспектілерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаттары, Құрметті азаматтар, қала құраушы кәсіпорындардың басшылары қатысты. Отырысты аша отырып, қала әкімі Аян Уахитұлы Мемлекет басшысының бастамасымен маңызды реформалар жүзеге асырылып жатқанын, ал жаңартылған Конституция мемлекет саясатын азаматтардың қазіргі заманғы қажеттіліктеріне сай қайта құруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Н.К.Макраев Қазақстан Республикасының саяси жүйесін трансформациялаудың негізгі ережелерімен таныстырды.

Талқылау барысында қала әкімінің орынбасары Б.С.Иманғалиева мен қалалық мәслихат депутаты Е.А.Құсан сөз сөйлеп, адам құқықтарын қорғау және әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ конституциялық реформа мәселелері бойынша қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ж.Рамазанов, Еңбек ерлері М.А.Қайыргелдин мен Р.Б.Әміренов және басқа да қатысушылар өз пікірлерін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша қала активі алдағы жалпыхалықтық референдум қарсаңында әрбір тұрғынның саналы таңдау жасауына мүмкіндік беретін ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге дайын екендігін жеткізді.