Ұйымдастыру отырысы

Ұйымдастыру отырысы

Жасұлан Садвакасовтың төрағалығымен Екібастұз қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа мәслихат төрағасы Нияз Макраев, мәслихат аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл  Бибигүль Аманова қатысты.

Қоғамдық кеңес отырысында сөз сөйлеген мәслихат төрағасы Нияз Макраев Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан елдің қоғамдық-саяси өміріндегі негізгі өзгерістерге тоқталып, оларды іске асыруға Қоғамдық кеңес мүшелерінің белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Отырыс барысында Қоғамдық кеңестің 2026 жылға арналған негізгі бағыттары мен жұмыс жоспары қаралып, талқыланды. Кеңес мүшелері басым міндеттер, сондай-ақ қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттыру бойынша пікір алмасты.Екібастұз қаласы әкімінің қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебін, сондай-ақ мәслихат төрағасының мәслихаттың 2025 жылғы қызметі туралы есебін тыңдауға дайындауға ерекше назар аударылды. Алдағы есепті кездесулер аясында ұйымдастырушылық мәселелер, өткізу форматы мен негізгі тақырыптардың тізбесі талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, бекітілген күн тәртібі шеңберінде тапсырмалар берілді.