
Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл - бұл жай ғана күнтізбедегі дата емес, ол әрқайсымыз үшін жаңа үміттердің, жарқын жоспарлардың, болашаққа сенім мен ізгі армандардың бастауы.
2025 жылды қорытындылай отырып, біздің қаламыз тағы бір табысты кезеңді артқа қалдырғанын атап өткім келеді. Екібастұз белсенді түрде дамып келеді: жаңа тұрғын үйлер салынып, әлеуметтік нысандар іске қосылуда, маңызды мәселелер бойынша шешімдер қабылданып, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында нақты жұмыстар атқарылуда.
Өткен жылдың ерекше мақтанышы - өңіріміздің индустриалдық әлеуетінің нығаюы. Жаңа өндірістердің ашылуы, кәсіпорындардың іске қосылуы - бұл тек экономиканы көтеріп қана қоймай, мыңдаған отбасына жұмыс пен тұрақтылық сыйлады. Салынған әрбір үй, іске қосылған әрбір нысан - туған қаламыздың жарқын болашағына қосылған ортақ үлесіміз.
Жаңа 2026 жыл отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, еңбектеріңізге береке әкелсін!
Армандар орындалып, әрбір жаңа күн жақсылық пен жарқын сәттерге толы болсын!
Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы