2025 жылғы 29 желтоқсанда Павлодар облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлының, Екібастұз қаласының әкімі А.У. Бейсекиннің, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты О.М. Алиевтің, мемлекеттік органдардың шақырылған басшыларының, қоғамдық пен БАҚ өкілдерінің қатысуымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІХ сессиясы өтті.
Қалалық мәслихат төрағасы Н.К. Макраев Алтынбек Нұхұлына Павлодар облысына жұмыс сапарының тығыз кестесіне қарамастан, сессия жұмысына қатысқаны үшін алғыс білдірді. Өз кезегінде сенатор орталық және жергілікті өкілді билік арасындағы сындарлы іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, депутаттарды Сенаттың ағымдағы заң шығару қызметі және Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру шаралары туралы хабардар етті.
Кезектен тыс ХХХІХ сессияның шешімдерімен депутаттар бұған дейін талқыланған Екібастұз қаласын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспарын және Екібастұз қаласының дизайн-кодын бекітті. Сонымен қатар, жергілікті нормативтік базаны қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында депутаттар Екібастұз қалалық мәслихатының бұған дейін қабылданған кейбір шешімдерінің күшін жою туралы шешім қабылдады.