М.Д.Маликованың төрағалығымен өткен Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысында Екібастұз қаласын дамытудың алдағы бес жылға арналған жоспарының жобасы қаралды.

Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы С.К. Корабаева Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген еліміздің 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары және Павлодар облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары негізінде әзірленген жобаны таныстырды.

Екібастұз қаласын дамыту жоспарына енген жүзден астам іс-шара өмір сүру сапасын арттыруға, қала тіршілігінің барлық салаларын қамтитын экономика мен қоғамды жүйелі түрде өзгертуге бағытталған. Сондай-ақ бюджеттік қаржыландыруды да, жеке инвестицияларды да тартуды көздейтін инвестициялық жоспар әзірленді.

Мәселелерді талқылағаннан кейін депутаттар жобаны сессияның бекітуіне шығаруға мақұлдады.