Құрметті энергетика саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Құрметті энергетика саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Қалалық мәслихат депутаттары атынан сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Энергетиктер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Энергетика саласы - ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін, өндіріс пен әлеуметтік инфрақұрылымның үздіксіз жұмыс істеуіне негіз болатын стратегиялық маңызы зор бағыт. Сіздің күнделікті еңбегіңіз, жоғары жауапкершілігіңіз бен кәсіби шеберлігіңіз өңіріміздің өсіп-өркендеуіне, тұрғындардың тұрмыс сапасының артуына тікелей ықпал етеді.

Бұл мереке тек бүгінгі мамандарға ғана емес, сондай-ақ еліміздің энергетикалық әлеуетін қалыптастыруға бар ғұмырын арнаған сала ардагерлеріне деген зор құрметтің белгісі. Өңіріміздегі ірі жылу-энергетикалық кешендердің дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлерге және қазіргі таңда энергетика кәсіпорындарында абыройлы еңбек етіп жүрген барлық қызметкерлерге алғысымды білдіремін.

Мереке қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, кәсіби табыс, отбасыларыңызға амандық пен береке, еңбектеріңіз абырой мен құрметке бөлене беруін тілеймін. Әрдайым жарық күн, тұрақтылық пен жаңа жетістіктер серік болсын!

 

 

Екібастұз қалалық мәслихат төрағасы                          Н. Макраев