Екібастұз қалалық мәслихатының кезекті XXXVIII сессиясының шешімімен басты қаржы құжаты - 2026 - 2028 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті қабылданды.
2025 жылғы 17 желтоқсанда қала әкімі А.У. Бейсекиннің, шақырылған мемлекеттік органдардың басшылары мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен мәслихаттың кезекті сессиясы өтті.
Қалалық мәслихат төрағасы Н.К. Макраев өз сөзінде бүгінгі таңда рәсімдік шешім ғана емес, өңіріміздің орта мерзімді перспективаға арналған стратегиялық басымдықтары мен даму бағыттарын айқындайтын құжат қабылданғанын атап өтті. Депутаттық корпус атынан мәслихат пен әкімдіктің бірлескен және үйлесімді жұмысын одан әрі табысты жалғастыруға сенім білдірді, бұл қойылған міндеттерді тиімді шешуге және алдағы үш жылда өңіріміздің қарқынды дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, депутаттар Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін 2026 жылға келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын және Екібастұз қаласының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) адамдардың жекелеген санаттарының жеңілдікпен жол жүруін айқындайтын шешімдерді бекітті. Ағымдағы жылдың қалалық бюджетін тиімді атқару мақсатында оның параметрлерің 2025 жылда соңғы рет нақтыланды.