Екібастұз қалалық мәслихатының экология мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. 

Екібастұз қалалық мәслихатының экология мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. 

Екібастұз қалалық мәслихатының экология мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. 

2025 жылғы 24 қыркүйектегі отырыста жұмыс тобы ұсынған іс-шаралардың орындалуы және оларды жауапты мемлекеттік органдардың жүзеге асыруы талқыланды.

Отырыс барысында қатысушылар қаладағы экологиялық жағдай, ағаштарды кесу, скверлерді абаттандыру және көшеттерді суару мәселелерін көтерді.

Отырыстың қорытындысы бойынша: 

- қаладағы ірі кәсіпорындарға зиянды заттардың шығарылуын азайту және экологияны жақсартуға бағытталған шаралармен танысу мақсатында шығулар ұйымдастыру; 

- абаттандыру мен көгалдандыру бойынша жоспарланған іс-шаралар туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің есебін тыңдау жөнінде шешім қабылданды.