Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!

Құрметті  қаржы саласының қызметкерлері!

Қалалық мәслихат депутаттары атынан сіздерді Ұлттық валютамыз – Теңге күнімен және қаржы органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қаржы жүйесі – мемлекеттің экономикалық тұрақтылығы мен дамуының негізгі тірегі. Қоғамдағы әлеуметтік және саяси тұрақтылықтың сақталуы, экономикалық өсім мен халықтың әл-ауқаты – сіздердің жоғары кәсібиліктеріңіздің нәтижесі.

Сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасында мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің орындалуы, әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асуы қамтамасыз етіліп,  Екібастұз қаласының экономикасы тұрақты дамып, инвестициялық және әлеуметтік әлеуеті артып келеді. Қаржы саласындағы біліктіліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз өңіріміздің  өркендеуіне зор үлес қосуда.

Қымбатты қаржыгерлер!

Мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін!

 

Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы