Бүгін мәслихат төрағасы Н.К. Макраев, қалалық мәслихат депутаттары  М.Д. Маликова және Т.В. Шмидт сегіз жыл бойы дәстүрге айналған «Ақ таяқ күніне» арналған қайырымдылық шарасына қатысты.

Бүгін мәслихат төрағасы Н.К. Макраев, қалалық мәслихат депутаттары  М.Д. Маликова және Т.В. Шмидт сегіз жыл бойы дәстүрге айналған «Ақ таяқ күніне» арналған қайырымдылық шарасына қатысты.

 

Бұл күн – көру қабілеті бұзылған адамдардың проблемаларына қоғам назарын аударуға, зағип және нашар көретін жандарды қолдауға, сондай-ақ олардың өмірдегі және еңбектегі жетістіктерін дәріптеуге бағытталған маңызды мереке.

«Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ Екібастұз филиалының белсенділері «Атамұра» ҰМО-да мерекелік дастархан басына жиналып, концерттік бағдарлама мен жылы шырайлы кездесуден қуанышқа бөленді.

Шараны ұйымдастыруға Қарасор тау-кен байыту комбинатының директоры Т.А.Анабаев, «Промсервис Отан» ЖШС басшысы С.В.Дручинин қаржылай қолдау көрсетті.

«AMANAT» ЕҚФ атқарушы хатшысы М.Д.Маликова мен мәслихат депутаты Т.В. Шмидт қаланың спорттық және мәдени өміріне белсенді қатысып жүрген қоғам мүшелерін Алғыс хаттармен марапаттады.