Екібастұз қалалық мәслихатында 2025 жылға арналған бюджетке өзгерістер қаралды

Екібастұз қалалық мәслихатында 2025 жылға арналған бюджетке өзгерістер қаралды

Екібастұз қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясына дайындық аясында тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы өтті, онда ағымдағы жылғы қалалық бюджетке және ауылдық округтердің бюджеттеріне енгізілетін өзгерістер талқыланды. Отырысты мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы М. Д. Маликова жүргізді.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы С.К. Қорабаеваның баяндамасын тыңдағаннан кейін депутаттар ауылдық бюджеттердің салық салынатын базасын азайтуға, жол-жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімдеріне қатысты және басқа да  нақтылайтын сұрақтар қойды,  талқылағаннан кейін екі мәселе де  Екібастұз қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясының қарауына шығарылды.

Комиссия отырысынан кейін Н.К.Макраевтың төрағалығымен Екібастұз қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХХVI сессиясы өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттар 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджетке және ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы тиісті шешімдер қабылдады. Қабылданған шешімдер шығыстарды оңтайландыруға және Екібастұз қаласы мен ауылдық аумақтардың тұрғындары алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді тиімді орындауға бағытталған.