Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында күн тәртібіндегі екі мәселе қаралды.
Бірінші мәселе бойынша Екібастұз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 208/25 «2025-2027 жылдарға арналған Екібастұз қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Салтанат Қорабаева баяндама жасады.
Баяндамашы қала бюджетін нақтылау салық салынатын базаны түзету, шығыстарды оңтайландыру және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік сатып алуы нәтижесінде пайда болған қаражатты үнемдеу есебінен жүргізілетінін атап өтті.
Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес ұсынылған нормативтік құқықтық актінің жобасын қолдау туралы шешім қабылдады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Қалалық зиратты абаттандыру және санитарлық жай-күйі, жерлеуді ұйымдастыру кезінде көрсетілетін сервистік қызметтердің сапасы және жерлеу орындарын күтіп-ұстау туралы» мәселені қарау болды.
Осы мәселе бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Айдын Қояғанов баяндап, қалалық зираттарды ағымдағы күтіп ұстау және абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ 2026 жылға арналған жоспарлар туралы хабардар етті. Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері М. Анисимов, Н. Винс және М. Ерғазинаның сол орынға шығып қарау қорытындылары да жария етілді.
Талқылау барысында Кеңес мүшелері тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды, олар тиісті шаралар қабылдау үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жіберілетін болады.