Бүгін 2025 жылғы 4 қарашада Н.К. Макраевтың төрағалығымен Екібастұз қалалық мәслихатының    кезектен тыс ХХХV сессиясы өтті.

Бүгін 2025 жылғы 4 қарашада Н.К. Макраевтың төрағалығымен Екібастұз қалалық мәслихатының    кезектен тыс ХХХV сессиясы өтті.

Бүгін 2025 жылғы 4 қарашада Н.К. Макраевтың төрағалығымен Екібастұз қалалық мәслихатының    кезектен тыс ХХХV сессиясы өтті.  Сессия жұмысына Екібастұз қаласының әкімі А.У. Бейсекин, Павлодар облыстық мәслихатының депутаттары, жұртшылық өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Екібастұз қалалық мәслихатының жаңадан сайланған депутатына  депутаттық мандатты тапсыру  және VIII сайланған Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу мәселелері.

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Т. Оспанова 26 қазанда өткен сайлау қорытындылары туралы хабардар етті,  аумақтық сайлау комиссиясының  2025 жылғы 29 қазандағы №40 қаулысына сәйкес №3 бір мандатты сайлау округі бойынша Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты болып Черкашин Денис Петрович тіркелді.

Қалалық мәслихаттың шешімімен Д.П. Черкашин мәслихаттың экономика және бюджет, құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі екі тұрақты комиссиясының құрамына енгізілді.