2025 жылдың 30 қазанында №33 жалпы орта білім беретін мектептің 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті. Мерекеге Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Н.К. Макраев қатысты.
Бұл мерейтой білім ордасының және бүкіл педагогикалық ұжымның өміріндегі маңызды оқиға болды. 70 жыл ішінде мектеп үлкен даму жолынан өтіп, ең жақсы дәстүрлерін сақтап, жетістіктерін арттырды, көптеген талантты әрі табысты түлектерді тәрбиелеп шығарды.
Мерекелік іс-шара барысында мектептің дамуына, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге және жас ұрпақты тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан ұстаздар марапатталды.
Шара барысында сөз сөйлеген қалалық мәслихат төрағасы Нияз Макраев педагогикалық ұжымға көпжылдық еңбегі, жоғары кәсібилігі, мамандығына адалдығы және Екібастұз қаласының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлестері үшін алғысын білдірді.
Екібастұз қалалық мәслихатының Құрмет грамоталарымен С.Б. Абакова- информатика пәнінің мұғалімі, А.Б.Аубакирова- орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Ж.Ж.Канышева- тарих пәнінің мұғалімі, Д.М. Кусаинова-технология пәнінің мұғалімі, Р.Б.Кусаинова – физика және математика пәнінің мұғалімі, Т.В.Николаенко – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, К.Ж. Оразалина- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, В.П. Павлов – бастауыш сынып мұғалімі марапатталды.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері А.К.Исабековке, Е.А.Мейрамға, Е.М. Мендышевке, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Д.С. Тагымбаевааға Алғыс хаттар табысталды.
Мустояпова А.С., 30.10.2025 г.