
Сіздерді Ұлттық мереке - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Республика күні - халқымыздың тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін дәріптейтін, елдік рухымызды көтеретін, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын маңызды мереке. Бұл- туған жеріне жанашырлықпен қарайтын, елінің тарихы мен тағдырына бейжай қарамайтын, оның бүгіні мен болашағы үшін аянбай еңбек етіп жүрген әрбір азамат үшін ерекше күн.
Құрметті жерлестер!
Сіздердің әрқайсыңыз өзіңіздің табанды еңбектеріңізбен өңіріміздің өркендеуіне, Екібастұз қаласының дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер.
Осы мерейлі мереке күні әр шаңыраққа амандық, құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Еліміздің тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
Еліміздің іргесі берік, келешегіміз жарқын болғай!
Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы