2025 жылғы 21 қазанда Екібастұз қалалық мәслихатында тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы өтті. Отырысты мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Ж. К. Жақыпов өткізді.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депутаттар Екібастұз қаласы әкімдігі ұсынған тұрғын үй иелерінен мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін және (немесе) өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын қарады және келісілді. Мүлік иелері тараптардың келісімі бойынша ақшалай өтемақы немесе баламалы мүлік түрінде өтемақы алады.