2025 жылғы 16 қазанда Екібастұз қалалық мәслихаты Павлодар облыстық мәслихаты және «Қазақстан Республикасы қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті» РММ арасында жасалған өзара іс-қимыл туралы меморандум аясында «AFM Online 2025: ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» тақырыбында қала тұрғындарымен ақпараттық кездесу ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ алаяқтық, қаржы пирамидалары мен допперлікке қарсы күресте алдын алу шараларын түсіндіру, азаматтарға қаржы пирамидаларына және лудоманияға тартудың алдын алу жолдары жөнінде ақпарат беру.
Кездесудің модераторы – қалалық мәслихаттың азаматтар мен шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Л.Т. Қасыманова. Іс-шараның спикері аса маңызды істер жөніндегі тергеуші, Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің экономикалық тергеу қызметінің капитаны А.Е. Шахманов болды .
Шараға мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Ж.К. Жакупов, «Қазақстан Халық банкі» АҚ өңірлік филиалы директорының бөлшек сауда жөніндегі орынбасары А.У. Аканов, аға буын өкілдері, студент жастар және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
Кездесу диалог форматында өтті. Қатысушылар қаржы пирамидаларына тартылмау жолдары, алаяқтардың құрбаны болмау тәсілдері, дропперлердің кім екендігі және алаяқтыққа қатысқаны үшін заңмен қарастырылған жауапкершілік мәселелерін талқылады.