Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаздық - жоғары парасаттылықты, кәсіби шеберлікті, зор жауапкершілік пен жан-жақты білімді талап ететін ерекше мамандық. Бүгінгі қоғамда ұстаздардың еңбегі әрдайым жоғары бағаланып, ерекше құрметке ие.
Сіздер жас ұрпақтың жүрегіне жол тауып, оларға білім ғана емес, өмірлік бағыт-бағдар беріп келесіздер. Әр баланың тұлға болып қалыптасуында, өз жолын дұрыс таңдауы мен болашағына сеніммен қадам басуында сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз.
Балаларымызға деген қамқорлықтарыңыз, кәсібіңізге деген адалдықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын.
Сондай-ақ, білім беру саласына елеулі үлес қосқан ардагер ұстаздарымызға айрықша алғыс білдіремін. Сіздердің мол тәжірибелеріңіз бен даналықтарыңыз әрдайым кейінгі буынға үлгі болары сөзсіз.
Ұстаздар күні - әр жүректі тебірентер шынайы мереке. Осы мерекеде сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, еңбектеріңізге шығармашылық табыс және қажымас қайрат тілеймін!
Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы