Бүгін Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Нияз Макраев   «Өнер» мәдениет сарайында өткен Ұстаздар күніне арналған салтанатты шараға қатысты.

Бүгін Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Нияз Макраев   «Өнер» мәдениет сарайында өткен Ұстаздар күніне арналған салтанатты шараға қатысты.

Жылы әрі мерекелік атмосферада  Екібастұз қаласының педагогтары мен білім беру саласының ардагерлері құрметке ие болды. Ұстаздар күні – өз өмірін жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға арнаған жандарға алғыс білдіретін ерекше күн.

Іс-шара аясында №25 қазақ қыздар гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі  А.Г.Арымбекова, №28 Абай атындағы орта мектептің  алғашқы әскери-технологиялық дайындық және дене шынықтыру пәні мұғалімі Ж.Ж.Ашимханов, №3 балабақшаның  тәрбиешісі А.А.Ілиясова, Төртқұдық орта мектебінің математика пәні мұғалімі Н.КСүлейменова, Қажыбек Алғамбарұлы атындағы негізгі орта мектептің тарих пәні мұғалімі З.М.Мұсабекова Екібастұз қалалық мәслихатының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Балалар көркемсурет мектебінің қосымша білім беру педагогы Р.Т.Ахметова, Бесқауға орта мектебінің химия және биология пәні мұғалімі Г.Ж.Сүлейменова, Қарасор орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Б.К.Каримова, №23 орта мектептің  ағылшын тілі пәні мұғалім Б.К. Тлембаева,

№9 орта мектептің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Т. Мұстафина, Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары Екібастұз  колледжінің арнайы пәндер оқытушылары А.Ж.Мергембаева  және А.Жансеит Алғыс хаттармен марапатталды.

Бұл марапаттар ұстаздардың кәсіби шеберлігінің, өз ісіне адалдығы мен білім беру жүйесіне қосқан зор үлесінің лайықты бағасы болды.