2025 жылғы 3 қазанда Екібастұз қаласындағы №17 жалпы орта білім беру мектебінде Ұстаздар күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Бұл ерекше күн ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар үшін жылы әрі әсерлі атмосферада өтті.
Іс-шараға Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Нияз Макраев арнайы қатысып, педагогтарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол өзінің құттықтау сөзінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру ісіндегі ұстаздардың баға жетпес еңбегін ерекше атап өтіп, зор алғысын білдірді.
Мереке барысында көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі мен белсенді өмірлік ұстанымы үшін мектеп директоры Ләззат Манабаева және ұстаздар А. В. Дюсенова, Г. М. Жүнісова, А. Н. Рахимжанова, Ю. А. Скворцова, А. К. Сүлейменова, О. В. Шкляр Екібастұз қалалық мәслихатының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Сондай-ақ, ұстаздар К. А. Альбекова, А. Ж. Баймұхамбетова, Г. М. Дүйсембіна, Р. Е. Садыров, Р. К. Сандибаев және А. Сархад Алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шара мектеп оқушылары мен мұғалімдердің қатысуымен дайындалған мерекелік концертпен жалғасты.
Ұстаздар күні – қоғамымызда педагог мамандығының маңыздылығы мен қадір-қасиетін айқын көрсететін маңызды мереке.