Бүгін қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы құрамында депутаттар

Бүгін қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы құрамында депутаттар

Бүгін қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы құрамында депутаттар Т.В. Шмидт, К.Х. Турлыбеков, Д.М. Сиваракша білім бөлімімен бірлесіп № 4, 12, 24, 25 және 26 жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мәселесіне мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын талаптардың сақталуына, тағамдардың бірыңғай бекітілген мәзір мен тамақтану нормаларына сәйкестігіне, сондай-ақ асханалар мен асхана блоктарының санитарлық жағдайына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, қол жуғыштардың және ауызсу  бұрқақтарының техникалық жай-күйі де тексерілді.

Мониторинг нәтижесінде бірқатар ескертулер тіркелді. Атап айтқанда, кейбір мектептерде дайын тағамдардың нақты массасы белгіленген нормаларға сәйкес келмейтіндігі анықталды.

Комиссия анықталған кемшіліктерді жою қажеттігін атап өтіп, жауапты тұлғаларға тиісті ұсынымдар берді.