2025 жылғы 18 қыркүйекте №17 жалпы орта білім беретін мектептің акт залында Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы, №13 сайлау округінің депутаты Нияз Құдайбергенұлы Макраев округ тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.

Кездесу барысында депутат 2024 жылғы ақпанда өткен есептік кездесуде тұрғындар тарапынан түскен ұсыныс-тілектердің орындалуы және атқарылған жұмыстар туралы кеңінен баяндады.

Атқарылған жұмыстар және жетістіктер: азаматтардан түскен 40 өтінішке сәйкес, қалалық және облыстық атқарушы органдарға, коммуналдық қызметтерге 20-дан астам депутаттық сауал жолданды. Облыс әкімі Асаин Қуандықұлы Байхановтың қолдауымен қала әкімі Аян Уахитұлы Бейсекиннің және атқарушы органдардың күш-жігерінің арқасында бірқатар ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды.Аула аумақтары жөнделіп, округ бойынша 10 балалар ойын алаңы орнатылды.№7 балабақша мен №17 мектептің кіреберіс жолдары жөндеуден өтті. Татулық, Профсоюзная, Угольщиков, Диспетчерлік, Омашев, Интернационалист-жауынгерлер, Дружба көшелерінің жолдары, сондай-ақ Екібастұздың 40 жылдығы көшесінен Мәшһүр Жүсіп көшесіне дейінгі аралық тегістеліп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Целинная, Рабочая, Солнечный, Тепличный, Балдәурен, Жігер, Казахстанская, Хабир Альмухамбетов көшелері мен 6 және 14 Южный өткелдеріне ағымдағы жөндеу жасалды. 31 шағын аудандағы көшелер мен аулалар жарықтандырылды. №17 мектеп аумағындағы жарықтандыру бағаналары электр желісіне қосылды.

Мәшһүр Жүсіп көшесі, 126а мекенжайында орналасқан, көп жылдан бері бос тұрған балабақша ғимараты қала балансына алынып, "140 орындық инклюзивті балабақша" ретінде қайта жаңғыртылады. Жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Қазіргі уақытта аумақты қоқыстан тазарту және қоршау жұмыстары жүргізілуде.

Дарынды оқушыларды, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды және әлеуметтік осал топтарды қолдауға бағытталған шаралар жүзеге асырылды.

Кездесу барысында келесі жылға арналған жоспарлар мен тұрғындардың жаңа ұсыныстары талқыланды. Көтерілген өзекті мәселелер жеке бақылауға алынды. Депутат округ тұрғындарына белсенді азаматтық ұстанымы мен қаланың дамуына бейжай қарамай, қоғамдық мәселелерге қатысқандары үшін алғыс білдірді.