Қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы құрамында депутаттар Т.В. Шмидт, К.Х. Турлыбеков, Д.М.Сиваракша, «AMANAT» партиясы Екібастұз қалалық филиалының атқарушы хатшысы М.Д. Маликованың, сондай-ақ білім бөлімінің өкілі С.К.Ибраеваның қатысуымен №9, №13, №33 жалпы орта білім беретін мектептерде және №35 мектеп-гимназияда оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көшпелі мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында комиссия мүшелері мектеп асханаларындағы ас блоктарының санитарлық жағдайымен, азық-түлік өнімдерін сақтау талаптарының сақталуымен, тағам дайындау технологиясының орындалуымен, оқушыларға ұсынылатын ас мәзірімен және оның жас ерекшеліктеріне сәйкес келуімен танысты.
Барлық мектептерде бірыңғай жалпы мәзір енгізілгені атап өтілді. Бұл мәзір уәкілетті органдармен бекітілген және балалардың теңгерімді әрі қауіпсіз тамақтануына қойылатын талаптарға сай әзірленген.
Комиссия мүшелері оң нәтижелермен қатар, жоюды қажет ететін жекелеген кемшіліктерді де атап өтті. Мониторинг қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар берілді.
Мектептердегі тамақтануды ұйымдастыру бойынша бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.