Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Нияз Макраев 95 жасқа толған еңбек майданының қатысушысы, ардагер ұстаз Вера Антоновна Салтевскаяны мерейтойымен шын жүректен құттықтады.

Құттықтау рәсімі ардагерлерге қолдау көрсетуге және қамқорлық білдіруге бағытталған «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында өтті.

Вера Антоновнаның өмір жолы – жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арналған жарқын үлгі. Ол өзінің бүкіл еңбек жолын педагогикаға арнап, 40 жылдан астам уақыт Қарағанды қаласындағы №61 жалпы білім беретін мектепте қызмет атқарды. Ұзақ жылдар бойғы еңбегі нәтижесінде әріптестері мен шәкірттерінің, сондай-ақ ата-аналардың зор құрметіне ие болды. Ол – білім беру ісінің ардагері, еңбек сіңірген мұғалім.

Мерейтой иесіне арналған жылы лебізінде Нияз Макраев Вера Антоновнаға зор денсаулық, амандық, ұзақ ғұмыр және жақындарының шексіз құрметі мен қамқорлығын тіледі. Ардагерге құрмет ретінде  сый-сияпат салынған арнайы мерекелік  себет табысталды.