Жасұлан Сәдуақасовтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті, онда күн тәртібіндегі үш мәселе қаралды.
Отырыс жұмысына «Екібастұз қалалық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК басшысы Арман Таурбаев және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Екібастұз қалалық аумақтық инспекциясының басшысы Қанат Кантарбаев, поселкелер, ауылдық округтер, ауылдар әкімдер қатысты.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілген өзгерістермен экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Майя Сатвалдинова таныстырды.
Қоғамдық кеңес ұсынылған нормативтік құқықтық актінің жобасын қолдады.
Екінші мәселе «Екібастұз өңірінде инвестициялық жобаларды іске асыру туралы» кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Медет Шоқанов баяндады. Баяндамашының айтуынша, қазіргі уақытта жалпыұлттық пулға өңір бойынша жалпы сомасы 6 трлн теңгеден асатын 17 инвестициялық жоба енгізілген. Осы жобаларды іске асыру ағымдағы жылдың 7 айында 164 млрд теңге көлеміне жетіп, негізгі капиталға инвестициялардың 12,6% - ға өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Жұмыс жоспарына сәйкес ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Азамат Көпежановтың Екібастұз өңіріндегі «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысы туралы ақпараты тыңдалды. Бағдарлама халықтың аз қамтылған топтарына кредит беруге, сондай-ақ шаруа, фермер және жеке қосалқы шаруашылықтарды ауылдық тұтыну кооперативтеріне біріктіруге бағытталған. Бұл ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын және әл-ауқат деңгейін арттыруға ықпал етеді, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Баяндамашы жобаны іске асыруға барлық ауылдық округтер белсенді қатысатынын атап өтіп, отырысқа қатысушыларды бағдарлама шеңберіндегі ағымдағы жобалармен таныстырды.
Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері бірқатар нақтылау сұрақтарын қойды.
Отырыс қорытындысы бойынша барлық ұсынылған ақпарат назарға алынды.