«Әлем» балаларды оңалту орталығының 25 жылдық мерейтойына орай «Самғау» балалар шығармашылық үйінде салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік кеш көптеген балалардың тағдырына бейжай қарамайтын қонақтарды жинады. Құрметті қонақтар қатарында Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Нияз Макраев, қалалық мәслихат депутаттары Жанат Ибраев, Мариям Маликова және Татьяна Шмидт болды.
Құттықтау сөзінде Нияз Макраев «Әлем» орталығының балаларды оңалту, қолдау және әлеуметтендіру ісіндегі көпжылдық еңбегінің маңыздылығын атап өтті. Ол орталықтың басшысы Шаттық Сүйінішеваға және өз ісіне адал, ынтымақты ұжымға шынайы алғыс білдірді.
Іс-шара аясында орталық қызметкерлерін марапаттау рәсімі ұйымдастырылды Екібастұз қалалық мәслихатының Құрмет грамотасымен А. С.Амирян – мәдени ұйымдастырушы, С. Н. Жиланбаева – санитар, А. Б. Кенжебаев – тәрбиеші, В. С. Лавров - әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, А. К. Сыздықова - еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы марапатталды.
Екібастұз қалалық мәслихатының Алғыс хаттарымен А. Т. Альхатова, еңбек терапиясы бойынша нұсқаушы, В. В. Баядилова, логопед, Ж. Қ. Қали, аспаз көмекшісі, Т. Н. Коржова, массажист, Б. Н. Мошаева, тәрбиеші. марапатталды
Мерекелік шара барысында орталықтың тәрбиеленушілері мен олардың тәлімгерлері дайындаған шығармашылық қойылымдар мен концерттік нөмірлер көрерменге ерекше әсер сыйлады. Сондай-ақ, ұзақ жылдар бойы орталықты қолдап, оның дамуына үлес қосып келе жатқан қонақтар да сахнада өнер көрсетті.
Іс-шара шынайы эмоцияларға, ризашылық пен естеліктерге толы, жылы әрі көтеріңкі атмосферада өтті. 25 жыл – бұл балаларға қамқорлық пен мейірім сыйлаған жарқын жылдар. Алда орталықты жаңа табыстар, үміт пен бақытқа толы сәттер күтіп тұр!