2025 жылғы 21 тамызда Н.К.Макраевтің төрағалығымен Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.

2025 жылғы 21 тамызда Н.К.Макраевтің төрағалығымен Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.

2025 жылғы 21 тамызда Н.К.Макраевтің төрағалығымен Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыста қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсету тәртібіне енгізілетін өзгерістер жобасы қаралды. Мәселен, нормативтік актіге ұсынылатын құжаттардың тізбесіне, өтініштерді қарау мерзімдеріне және тұрғын үй көмегін төлеу жүзеге асырылуы мүмкін ұйымдарға қатысты өзгерістер енгізілді.

Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі депутаттардың қарауына Екібастұз қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге халық үшін тариф жобасын ұсынды. Бұл тариф жобасы 18,4% өсіммен мәслихаттың бейіндік комиссиясының отырыстарында бірнеше рет қаралды, оның нәтижелері бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау, кәсіпорын жұмысшыларының жалақысын ұлғайту жөніндегі жұмыстардың сапасы жөнінде ескертулер мен ұсынымдар жіберілген болатын. Кеңейтілген отырыста жобаны талқылау барысында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға арналған қоқыс контейнерлері мен контейнерлерге арналған алаңдарды, олардың жеткілікті мөлшерін, әсіресе жеке секторда тиісті күтіп ұстауды  және санитарлық жағдайды қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбекақыны арттыру мәселелері көтерілді. Нормативтік актіні қабылдаудың алдындағы барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін бұл мәселе ағымдағы жылғы қыркүйекте сессияда бекітуге шығарылатын болады.

Қалалық мәслихаттың сайлау комиссияларының құрамына бос орындарға байланысты өзгерістер енгізу жөніндегі уақытша комиссиясының жүргізген жұмысымен қалалық мәслихаттың депутаты Д. М. Сиваракша таныстырды.

Қаралған мәселелер мақұлданды және сессияда бекітуге ұсынылды.