Екібастұзда Family Plus медициналық орталығының үшінші ғимараты ашылды

Екібастұзда Family Plus медициналық орталығының үшінші ғимараты ашылды

Екібастұзда аймақтағы жетекші жекеменшік медицина мекемелерінің бірі-Family Plus медициналық орталығының үшінші корпусының салтанатты ашылуы өтті. Бұл жаңа ғимарат орталықтың дамуындағы маңызды кезең болып, тұрғындар үшін сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметтерге жол ашты.

Ашылу рәсіміне қалалық мәслихат төрағасы Н.Макраев, әкімдік өкілдері, қоғам қайраткерлері, медицина саласының қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты. Қонақтарға жаңа ғимарат бойынша экскурсия ұйымдастырылып, заманауи медициналық жабдықтармен жарақталған диагностикалық кабинеттер, консультациялық және процедуралық аймақтар, операциялық бөлмелер көрсетілді.

Жаңа корпус қызмет түрлерін кеңейтеді, атап айтқанда: амбулаториялық ем, диагностикалық зерттеулер, физиотерапия, хирургиялық көмек және аз инвазивті заманауи терапия. Сонымен қатар, пациенттерге барынша жайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінген.

Орталық басшылығының айтуынша, үшінші корпустың ашылуы -медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру және денсаулық сақтау саласында заманауи стандарттарды енгізу бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі. Family Plus алдағы уақытта да инновациялық емдеу әдістерін қолданып, тұрғындардың сеніміне ие болуды мақсат етеді.