Бүгін Н.К.Макраевтің төрағалығымен өткен кезектен тыс ХХХІ сессияның шешімдерімен 2025 жылға арналған қалалық бюджеттің және ауылдық округтердің, ауылдар мен кенттердің бюджеттерінің өзгерістері бекітілді.

Бүгін Н.К.Макраевтің төрағалығымен өткен кезектен тыс ХХХІ сессияның шешімдерімен 2025 жылға арналған қалалық бюджеттің және ауылдық округтердің, ауылдар мен кенттердің бюджеттерінің өзгерістері бекітілді.

Бүгін Н.К.Макраевтің төрағалығымен өткен кезектен тыс ХХХІ сессияның шешімдерімен 2025 жылға арналған қалалық бюджеттің және ауылдық округтердің, ауылдар мен кенттердің бюджеттерінің өзгерістері бекітілді. Бюджетті нақтылау кезінде салық салынатын базаның баптары түзетілді, оңтайландырылған шығыстар қаражаты және Мемлекеттік сатып алудан үнемдеу басым бағыттарға қайта бөлінді.

Жер комиссиясы мен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді, мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны сақтау тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеуді (паспорттауды) ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жаңадан құрылған ведомствоаралық комиссияның құрамы бекітілді.

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары А. М. Қасенова депутаттың жеке өтініші негізінде қабылданған №3 сайлау округінің депутаты С.Ж. Макаровтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы комиссияның қаулысымен таныстырды. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша мәслихат шешімдері қабылданды.