2025 жылғы 11 шілдеде Мәжіліс депутаты Е. В. Смышляева жүргізіліп жатқан тұрғын үй реформасы мәселелерін түсіндіру бойынша семинар өткізді, онда тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша заң жобаларына енгізілетін бірқатар өзгерістер талқыланды. 

2025 жылғы 11 шілдеде Мәжіліс депутаты Е. В. Смышляева жүргізіліп жатқан тұрғын үй реформасы мәселелерін түсіндіру бойынша семинар өткізді, онда тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша заң жобаларына енгізілетін бірқатар өзгерістер талқыланды.  Қалалық мәслихат төрағасы Н.Макраев, "Аманат" партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысы, қалалық мәслихат депутаты М. Маликова кондоминиум объектілерін ұстауға арналған тарифті АЕК мәніне байланыстыруды көздейтін тариф белгілеу мәселесін талқылауға белсенді қатысты.

Жалпы, енгізілген өзгерістер тұрғындарға және мемлекетке тұрғын үй қорының жай-күйін бақылау құралдарын бере отырып, кондоминиумдарды басқаруды неғұрлым ашық, тиімді және жауапкершілікпен ұйымдастыруға бағытталған.

Заң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша түзетулермен Мәжіліс қабылдады және Сенат мақұлдады, қазір Мемлекет басшысының қолында құжат бар.